​Алматы облысында салынып жатқан екіқабатты дүкен өртеніп кетті

0
1 022

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


​Алматы облысында салынып жатқан екіқабатты дүкен өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар ауданында салынып жатқан дүкен отқа оранды, деп жазады ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«11 желтоқсанда сағат 19: 18-де өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысыТалғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы екіқабатты дүкеннің өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті. Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанының 400 шаршы метрін жалын шарпыған. Оқиға орнына 25 шақырым жерде орналасқан Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру бөлімшесінің 6 қызметкері мен екі техникасы тартылды», -деп атап өтілген хабарламада.

Тілсіз жау 20:36-да ауыздықталып, 20:53-да толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себептерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.