Алматы облысында шекарадан бағалы тондарды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

0
789

Тауар салмағы 100 келіден асады.


Алматы облысында шекарадан бағалы тондарды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Кеше кешкі бестер шамасында Қорғас шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығында кедендік бақылау жүргізу кезінде құндыз ішіктер тәркіленді. Салмағы 100 келіден асатын тауарды иелері қазақстанға заңсыз алып кірмек болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Алматы облысы мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді.

«Ұсталған ішіктердің жалпы саны 61 дана болып шықты. Алдын ала есептеу бойынш кедендік құны 12 млн 140 мың теңгені ал мемлекетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің салықтық құны 2 млн 900 мың теңгені құрады. Аталған факт бойынша қазіргі таңда осыған қатысты адамдарды жауапкершіілкке тарту және кедендік төлеуді өндіру мәіселесі қарастырылып жатыр», – дейді «Алтын көл» кеден бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов.