Алматы облысында төзімі таусылған жүргізуші келіншек жолдың шұңқырын өзі жамады

0
533

Жүргізушілер қауымы бұған дән риза.


Алматы облысында төзімі таусылған жүргізуші келіншек жолдың шұңқырын өзі жамады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Талғар – Бәйтерек тас жолындағы үлкен жыртықты жамаған жүргізуші келіншектің видеосы қызу талқыға түсіп жатыр, деп жазады Zakon.kz.

Көлігінің жүк салғышынан қапты көтеріп алып шыққан келіншек ондағы материалды аямай жолға төгіп, жыртықты өз бетімен жамайды. Жүргізушілер қауымы бұған дән риза. Әкімшіліктен де біреу бұл видеоны көрсе керек, ұялғандарынан сол күні ол жыртықты асфальттап тастапты,деп жазады instavideo_kaz-да жарияланған видеоның авторы

Бұл топтың оқырмандары жүргізуші келіншектің бастамасын қолдап, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің жұмысына өз наразылықтарын білдірді:

- Біздің әкімдіктегілер қайда қарап отыр? Шынында да, өз аумағына қарасты барлық ұйымдарға құм септіріп тастатуға болмайды ма, егер жұмысын дұрыс істемесе, айыппұл салсын. Сол қиын ба? Айнала көктайғақ. ПИК-тар қайда қарайды? Аулаларда жүру мүмкін емес.

- Оралдағы Шолохов көшесіндегі бағдаршам маңында дәл осындай шұңқыр бар. Барып, көміп тастағын келеді, сөйту керек-ау деймін.

- Дұрыс. Тек әйел адам ғана бірнеше рет өткен соң, мұны жөндеу керек деп ойлайды, ал ер адамдар бұрқыратып өте береді көлігі бүлінгеніне қарамастан, тек жол салатындарды ары кетсе бір балағаттайтын шығар...