Алматы облысында жер сілкінді

0
772

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы Панфилов ауданында болған.


Алматы облысында жер сілкінді

ERNUR.KZ. Алматы облысында жер сілкінді, - деп жазады tengrinews.kz.

"18 тамызда 05:07-де ҚР БҒМ "СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 245 шақырым жерде Алматы облысы Панфилов ауданында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 12,8. MPV магнитудасы - 5,4. Тереңдігі 5 шақырым", - делінген хабарламада.

Жер асты дүмпулері Жаркентте 4-5 баллғ Талдықорған - 2-3 балл, сондай-ақ Кеген ауданындағы Саты ауылында - 2-3 балл сезілген. Алматы облыстық ТЖ департаменті мәліметті ала салысымен жергілікті атқарушы органдардың барлығына, ТЖА, ПД, прокуратура, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдар осы аймақта сақадай сай тұр.

"Алматы облысында Талдықорған қаласының 12 тұрғынынан сұрап білу мақсатында қоңырау түскен. Панфилов және Кеген аудандарының тұрғындарынан қоңырау түскен жоқ", - делінген хабарламада.