Алматы облысында жоғалған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр

0
1 105

Қыз 10 ақпан күні жоғалған, бірақ ол сол күйі табылған жоқ


Алматы облысында жоғалған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Алматы облысының полициясы Анастасия Галееваның қаза тапқаны жайлы болжамды тексеріп жатыр, қазір су түбін қарау жұмыстары жалғасуда, деп жазады sputniknews.kz.

22 жастағы алматылық Анастасия Галеева 10 ақпан күні Талғар ауданында тұратын құрбысының үйіне кеткен, сол уақыттан бері із-түзсіз кеткендердің қатарында. 16 ақпан күні туыстары жергілікті полицейлерге оның жоғалып кеткенін хабарлаған. Анастасияны іздеуге тәртіп сақшылары мен туыстарынан бөлек еріктілер де атсалысты.

Наурыз айының басында қыздың туыстары Анастасия көз жұмғанын, оның денесін өзенге лақтырып жіберуі мүмкін екенін айтқан болатын, бірақ әлі күнге дейін мәйітті іздестіру жұмыстары нәтиже бермей отыр.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, қызды іздеу жұмыстары жалғасуда.

"Су түбін сүңгуірлер бірнеше рет шолып шықты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, полицейлер, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен сүңгуірлер екі каналды қарап, ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырды. Қазір іздеу шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады полиция.

Ведомствоның баспасөз қызметі Анастасия Галееваны іздеуге Талғар ауданының полиция қызметкерлерінен бөлек, облыстық қылмыстық іздеу бөлімінің қызметкерлері де қосылғанын айта кетті. Іздеу жұмыстары департамент басшылығының қатаң бақылауында болады.