Алматы облысында жол апаты болып, үш адам көз жұмды

0
1 599

Алты адам түрлі жарақат алған.


Алматы облысында жол апаты болып, үш адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы облысында Көктал - Сарыөзек тас жолында екі автокөлік бір--біріне соқтығысып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 28 қыркүйекте Кербұлақ ауданында болған. Toyota Camry-30 және Mazda-626 маркалы автокөліктер бір--біріне соғылған. Оқиға орнында үшеуі қайтыс болып, түрлі жарақат алған алты адам Сарыөзек ауруханасына жеткізілген.

"Жол апатына қатысты сараптамалық іс тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция.