Алматы облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты

0
1 045

Екі көлік жан-жаққа ұшып, күл-талқаны шықты.


Алматы облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Алматы облысы Талғар тас жолындағы жол апатының салдарынан екі адам қаза тапты. ZAZ маркалы көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota макаралы автомобильмен соқтығысқан. Жойқын соққы жапондық темір тұлпардың жолаушылар отыратын бөлігінен соққан. Екі көлік жан-жаққа ұшып, күл-талқаны шықты.

Оқиға салдарынан "Тойотаның" екі жолаушысы бас-сүйегінен қатты жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Тірі қалған қос көліктің жүргізушісі мен бір жолаушының жағдайы ауыр. Олар ауруханада емделіп жатыр.