Алматы облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды

0
1 044

Қайғылы жағдай 26 мамыр күні Алматы-Өскемен тасжолында болған.


Алматы облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы-Өскемен тас жолында орын алған жантүршігерлік жол апатынан бүтін бір отбасы қайтыс болды, деп хабарлайды ktk.kz.

Қайғылы жағдай 26 мамыр күні Алматы-Өскемен тасжолына 95 шақырым қашықтықта болған. Жол апатынан зардап шеккен әкесі мен қызы ауруханаға жеткізілгенімен, қайтыс болды. Анасы оқиға орнында мерт болған.

Қапшағай тасжолында Үштөбеден қалаға қарай екі көлік келе жатқан. Lexus RX 300 автокөлігін әйел жүргізген. Екінші көліктегі туыстарының айтуынша, сол жақтағы көлік бірден бұрылып, Lexus RX 300 автокөлігіне соққан. Lexus 100 метрдей жерге аударылып кете берген.