Алматы облысында жылқыны көлігімен басқан ер адам қамауға алынды

0
582

Тергеу тараптардың татуласқанына қарамастан, бапты өзгертті.


Алматы облысында жылқыны көлігімен басқан ер адам қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматы облысының Междуреченск ауылында жол талғамайтын көлікпен жылқыны қасақана басқан ер адам сот шешімі бойынша 10 тәулікке қамауға алынды. Тергеу тараптардың татуласқанына қарамастан, бапты өзгертті, деп жазады tengrinews.kz.

Айта кетейік, Алматы облысында жылқыны қасақана басқан жүргізушінің видеосы Желіде қызу талқыланған еді. Күдіктіні полиция ұстаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде атты басқан. Ер адам өзінің әрекетін бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырыстым деп түсіндіріпті.

Жануар аман қалған, бірақ иелері оны жарақаты болғандықтан бауыздауға мәжбүр болған. Кейін полиция өкілі күдікті зардап шеккен жылқының иесіне келтірілген залалды толық өтегендіктен іс тоқтатылағанын айтқан болатын.

Әлеуметтік желіде ер адамның үйіне шабуыл жасалғаны туралы да ақпарат пайда болды. Алматы облысы Полиция департаменті мұндай оқиға, шынымен болғанын растады. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмегенін айтты.