Алматы облысындағы тас жолда 1 млн доллар ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

0
1 695

Арнайы жасақпен ұйымдастырлыған операция нәтижесінде үш күдікті ұсталды.


Алматы облысындағы тас жолда 1 млн доллар ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Алматы облысында қылмыстық топты залалсыздандыру операциясын талқылап жатыр. Өңір полиция департаменті тәртіп сақшыларының әрекетіне қатысты пікір білдіріп, тас жолдағы оқиғаның мән-жайын мәлімдеді, деп жазады nur.kz.

Полиция ұйымдастырған жедел-іздестіру шараларының фото-видеолары әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрларға күдіктілерді ұстау кезінде түсірілген арнайы жасақ жауынгерлері мен жедел қызметкерлер түсірілген. Сондай-ақ, Жамбыл облысы Самсы ауылында Алматы -Бішкек тас жолында екі азаматқа шабуыл жасалғаны көрсетілген құжаттар да пайда болды.

Олардың бірі өз көлігімен Алматы мен Қордай арасында жеке тасымалдаумен айналысады. Екеуі де тас жолда келе жатқанда үш азамат қасақана алдынан шығып, пышақпен қоқан-лоққы көрсетіп, автокөлік пен 1 млн долларды алып кеткен.



Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, арнайы жасақпен ұйымдастырлыған операция нәтижесінде үш күдікті ұсталды.


"Жамбыл облысының полициясына қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша арыз келіп түсті. Арыз тастаушы белгісіз тұлғалар жол апатын әдейі ұйымдастырып, пышақпен қорқыту арқылы көлігі мен 1 млн доллар ақшасын алып кеткенін хабарлады.

Арнайы құрылған жедел-тергеу тобы бұл қылмысты ашу мақсатында жұмыс істеді. Ұйымдастырылған шаралар барысында барлық күдікті ұсталды, заттық дәлелдер тәркіленді",- деді ведомство баспасөз қызметінде.