Алматы облысының азаматы Меккеге қажылыққа жаяу аттанған

0
1 392

Желі қолданушылары қажылыққа жаяу аттанған азаматқа сәт-сапар тілеп жазды.


Алматы облысының азаматы Меккеге қажылыққа жаяу аттанған

Әлеуметтік желіде Мекккеге жаяу шыққан азамат жайлы ақпарат таралып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Инстаграм желісінде shyndykz парақшасында "Құрметті жамағат! Алматы облысынан Меккеге қажылыққа Жұматай бауырымыз жаяу шығыпты. Бауырымызға ақ жол тілеп қояйық", - деп жазба жарияланып, белгісіз азаматтың суретін жүктелген.

Алла Тағала қолдасын, ақ жол сапарың оң болсын, аман-есен барып кел!" деп жазылған.

Оқырмандар қажылыққа жаяу аттанған азаматқа сәт-сапар тілеп жазды.

"Граница жабык емес па барлық елде", "Карантин кезінде қалай шығып жүр?", "Атың шықпаса жер өрте дегенге ұқсамай ма", деп те жазды оқырмандар.