Алматы облысының тұрғыны қымбатқа сатамын деп 250 мың маскадан айырылды

0
581

Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша 250 мыңнан астам бетперде тәркіленді.


Алматы облысының тұрғыны қымбатқа сатамын деп 250 мың маскадан айырылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында масканы қымбатқа сатқан алыпсатар ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қымбат медициналық маскалар сатумен айналысқан Алматы облысының Қарасай ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі.
Оның қолында кәсіпкерлікпен шұғылдануға арналған құжат та болмаған.
Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша 250 мыңнан астам бетперде тәркіленді. Тәркіленген барлық медициналық маскалар елімізде жарияланған төтенше жағдайға сәйкес дереу Денсаулық сақтау басқармасына өткізілді, - делінген хабарламада.