Алматы орталығынан шыққан қою түтін жұрттың үрейін ұшырды

0
485

17 қыркүйекте түстен кейін Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы маңында қою түтін шығып жатқаны байқалған.


Алматы орталығынан шыққан қою түтін жұрттың үрейін ұшырды

Алматы орталығында өрттен шыққан қою түтін тұрғындарды үрейлендірді, - деп жазады Tengrinews.kz

17 қыркүйекте түстен кейін Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы маңында қою түтін шығып жатқаны байқалған. Полиция алаңды қоршап, жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысын шектеген.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімі мәліметінше, 17 қыркүйекте сағат 15.09-да Медеу ауданына шұғыл шақырту түскен.

"Сағат 15.12-де Назарбаев 124 мекенжайына жеткен өрт сөндірушілер төрт қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқанын анықтады", - деді департамент баспасөз қызметіндегілер.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт сағат 15.00 шамасында басталған. Куәгерлер түсіріп алған кадрлардан төрт қабатты үйдің шатыры қалай жанып жатқанын көруге болады. Видеоға өртенген құрылыс материалдары құлап жатқаны түсірілген.

Фото және видео: Tengrinews.kz