Алматы-Петропавл бағытындағы пойызда ер адам қызды зорламақ болған

0
448

Қазіргі таңда қызды қорламақ болған 36 жастағы ер адамға қатысты іс қозғалған.


Алматы-Петропавл бағытындағы пойызда ер адам қызды зорламақ болған

ERNUR.KZ. 10 ақпанда Алматы-Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызында Ұлттық ұлан сарбазы қызды зорламақ болған ер адамды ұстады, деп жазады stan.kz.

6637 әскери бөлімінің қызметкері, майор еркін Жантурин көрші купеден қыздың көмекке шақғырған дауысын естіген. Қызға көмектеспек болған ол купеге барғанда есікті әлдекімнің жауып тұрғанын көрген.

Есікті күшпен ашқан әскери қызметкер ер адамды ұстапты. Кейін қыз әскериге купеде бірге келе жатқан ер адамды танымайтынын жеткізіпті.

"Оқиға кешкі уақытта орын алды. Мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқаным сол еді, жас қыздың көмек сұрап, айқайлаған даусын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым”, – деді майор Еркін Жантурин.

Қазіргі таңда қызды қорламақ болған 36 жастағы ер адамға қатысты іс қозғалған. Күдікті – Қарағанды облысының тумасы.