Алматы полициясы алаңда велосипедпен кетіп бара жатып ұсталған тұрғыннан кешірім сұрады

0
1 130

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаев айтты.


Алматы полициясы алаңда велосипедпен кетіп бара жатып ұсталған тұрғыннан кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Алматы полициясы Астана алаңынан велосипедпен өтіп бара жатып ұсталған тұрғын Арман Абдуллахановтан кешірім сұрады, деп жазады holanews.kz.

Бұл туралы 13 маусымда Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаев айтты.

"Үш бала тәрбиелеп отырған жалғызілікті әке, жаттықтырушы Арман Абдуллахановтан кешірім сұрадық. Қазір қалада жағдай тыныш. Қаладағы қауіпсіздік бақылауда, алаңдауға негіз жоқ",- деді Күдебаев.

10 маусымда Алматыда полиция Астана алаңы арқылы өтпек болған Арман Абдуллахановты велосипедінен күштеп түсіріп, көлікке салып алып кеткен болатын.