Алматы полициясы: Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам із-түзсіз жоғалды

0
659

Олардың жоғалғаны туралы полицияға хабарланған.


Алматы полициясы: Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам із-түзсіз жоғалды

ERNUR.KZ. 2022 жылңы 4 қаңтардан кейін Алматы қаласында 22 адам із-түссіз жоғалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Олардың жоғалғаны туралы полицияға хабарланған. Соның ішінде 15 адам табылды. Қалған 7 адамның жүрген жері анықталуда. Барлық оқиғалар бойынша істер қозғалып, жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде.

Қалалық полиция департаментінен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды тұрғылықты жері бойынша аудандардың немесе сол адамды соңғы рет көрген аудандардың ішкі істер бөлімдеріне жүгінуге кеңес берді.