Алматы стационарларында 5 мың төсек-орын дайындалды

0
430

Дәрігерлер қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырады.


Алматы стационарларында 5 мың төсек-орын дайындалды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы инфекциялық стационарларында 5 060 төсек-орын жабдықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Нариман Табынбаевтың айтуынша, қазіргі таңда жұқпалы аурулар стационарында коронавирус жұқтырған 1 724 науқас жатыр, оның 143-і – бала.

«Алматы 12 стационарында 5 060 төсек-орын қамтылған. Қазіргі уақытта оның 34%-ы бос емес. «Дельта» штамы – өте қауіпті болып отыр. Науқастарды емдеу кезінде инфекция салдарынан ағзаның қай мүшесі зақымданатыны ескеріледі. Бүйрек жиірек зақымданады», - деді Алматының бас дәрігері.

Дәрігер қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырады.

Айта кетсек, Алматы қаласында 212 вакцина пунктерінде 1 260 адам жұмылдырып, 308 екпе бригадасы қызмет атқарады.