Алматы-Ташкент арасында автобустар қатынай бастады

0
1 279

Автобустар күн сайын сағат 17:00, 18:00 және 19:00 –де «Сайран» автовокзалынан қатынайды. Маршрут ұзақтығы 818 шақырымды құрайды. Жолға кететін уақыт – 16,5 сағат.


Алматы-Ташкент арасында автобустар қатынай бастады

Бүгіннен бастап Алматы мен Ташкентті байланыстыратын жолаушылар автобусы рейске шықты. Қазақстан тарапынан «ЮгТранс Лайн» ЖШС, ал Өзбекстан тарапынан «ERKIN EMINAEXPRESS TOUR» ЖШҚ тасымалдаушылары жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму министрлігіне сілтеме жасап.

Автобустар күн сайын сағат 17:00, 18:00 және 19:00 –де «Сайран» автовокзалынан қатынайды. Маршрут ұзақтығы 818 шақырымды құрайды. Жолға кететін уақыт – 16,5 сағат.

Айта кету керек, Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалдайтын автобустар осыдан 17 жыл бұрын тоқтап қалған еді. 2017 жылдың соңында қатынас қайта жанданып, тұрақты негізде рейстер орындала бастады.

Биыл қаңтар айында Шымкент-Ташкент бағдары ашылған болатын. Бұл бағыт бойынша автобустар Шымкенттен 6:00-ден 20:00-ге дейін 1 сағат сайын жүріп тұрады. Жолға кететін уақыт 4 сағат.