Алматы тауына өрмелеген турист биіктен құлады

0
667

Зардап шегуші шамамен 25 метр биіктіктен құлаған.


Алматы тауына өрмелеген турист биіктен құлады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Алматыда құтқарушылар тау басына шығып алған туристті эвакуациялады, деп жазады zakon.kz.

Бірнеше жарақаты бар жас жігітті Республикалық жедел құтқару жасағы (РЖҚЖ) Титов шыңынан эвакуациялады.

"22 тамызда РЖҚЖ шұғыл байланыс желісіне Титов шыңына көтерілу кезінде бір адам шамамен 25 метр биіктіктен құлағандығы туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші туысына көмек сұрап, SMS хабарлама жіберіп үлгеріпті. Оқиға орнына кинологтарды қосқанда 8 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы каттанды", - дейді құтқарушылар.

Құтқарушылар жаяу жолға шықты. Жол жүру уақыты шамамен 4 сағатты құрауы керек болғандықтан, уақытты үнемдеу үшін Қазәуеқұтқарудан көмек сұрауға шешім қабылданды.

Дегенмен жақын маңдағы Алматы құтқару қызметінің қызметкерлері зардап шегушінің алдынан шығу үшін алға жүре берді.

Биіктен шолу нәтиже бермеді, РЖҚЖ қызметкерлері тауға жаяу көтерілуді жалғастырды. Іздестіру-құтқару жұмыстары күннің қараңғы уақытында және таулы рельефте қиындады. Табылған жәбірленушінің аяқ-қолы мен басы жарақаттанған, ол қатты тоңып қалған, - дейді ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі құтқарушылар ер адамды жылы киіммен орап, тасымалдағанын айтады. Зардап шегуші Тұйықсу ауданынан Апаттар медицина орталығына автокөлікпен жеткізілді.