Алматы тұрғыны 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды

0
507

Екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.


Алматы тұрғыны 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды

ERNUR.KZ. Алматы тұрғыны екі миллиард теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол үш жыл бойы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсеткен, деп жазады Stan.kz.

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, тергеу барысында ер адам үш жыл бойы (2016 жылдан 2019 жылға дейін) коммерциялық компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмектескені анықталды.

"Ол өзіне тиесілі компания арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сауда-саттық болды делінген жалған шот-фактуралар жазу", - делінген ведомство хабарламасында.

Нәтижесінде сот оны кінәлі деп тауып, екі жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында басшылық қызметпен 10 жыл мерзімге айналыспау туралы шектеу қойылды.