Алматы тұрғыны казинодан 31 миллион теңге табыс тауып, түрмеге түсті

0
2 474

​Тінту кезінде ер адамнан төрт ойын терминалы мен құмар ойындарын ақшаға ойнауға болатын 52 компьютер тәркіленді.


Алматы тұрғыны казинодан 31 миллион теңге табыс тауып, түрмеге түсті

ERNUR.KZ. Алматы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен ер адамды ұстады, деп жазады sputniknews.kz.

Тергеу барысында ер адамның электронды казино ашқаны анықталды. Ол өзінің заңсыз бизнесінің арқасында 31,1 миллион теңгеден астам ақша тапқан.

Тінту кезінде одан төрт ойын терминалы мен 52 компьютер тәркіленді, оларға құмар ойындарын ойнауға мүмкіндік беретін қосымшалар орнатылған.

Сот ұсталған адамды Қазақстан Қылмыстық кодексінің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп тапты. Ол төрт жылға сотталды.