​Алматы тұрғыны көлігінде 1 миллион теңгесін қалдырып кеткен адамды іздестіріп жатыр

0
1 150

Такси жүргізушісі оның әйел адам екенін айтады.


​Алматы тұрғыны көлігінде 1 миллион теңгесін қалдырып кеткен адамды іздестіріп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда 28 жастағы жігіт көлігінен тауып алған 1 миллион теңгенің иесін іздеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Арлан Закиров жолдан бір әйел адамды алып діттеген жеріне жеткізген. Кейін жолаушы түсіп кеткен соң біраз уақыттан соң ол көлігінен әмиян тауып алған. Ішінде 1 миллион теңге бар болып шықты. Арлан сол ақшаны иесі табылса бір тиынына да тиместен қайтарамын деп отыр.

«Мен жолда бір бейтаныс жанды көлігіме отырғызып, керек жеріне апарып тастаған болатынмын. Оны түсіріп кеткен соң көлігімнен әмиянын тауып алдым. Сосын Инстаграмдағы белгілі блогерге хабарластым. Сол арқылы иесін іздеп жатырмын. Мен жеке кәсіпкермін. Өмірде бірінші рет кездесіп тұрмын мұндай жағдайға», - деді Арлан Закиров.

28 жастағы жігіт ақшаның иесі табылмаған жағдайда 1 миллион теңгені қайырымдылық қорына аудармақшы.