Алматы "үнді" штамына байланысты "қызыл" аймаққа өтуі мүмкін - Сағынтаев

0
365

Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге берген сұқбатында қала әкімі Алматыдағы коронавирусқа байланысты жағдайға тоқталды.


Алматы

ERNUR.KZ. Алматы "үнді" штамының анықталуына байланысты "қызыл" аймаққа жатқызылуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп жазады zakon.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге берген сұқбатында қала әкімі Алматыдағы коронавирусқа байланысты жағдайға тоқталды.

"Егер жағдай нашарласа, үш аурухананы жұқпалы аурулар ауруханалары етіп ауыстыруға болады. Жақында Алматы "үнді" штамына байланысты "қызыл" аймаққа өтуі мүмкін. Қазірге дейін қалада 400 мыңнан астам адам екпе алды", - деді ол.