​"Алматы Жастары" бағдарламасы бойынша баспана алатындардың тізімі шықты

0
2 133

Несиені қайтару мерзімі 3-тен 25 жылға дейін әркімнің төлеу қабілетіне қарай жеке жүргізіледі.


​

ERNUR.KZ. Алматыда "2020 жылға дейін жастарға қолдау көрсетудің Жол картасы" аясында жастарға арналған "Алматы Жастары" тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі өтті. Мұнда 35 жасқа дейінгі жастарға жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем беріледі, - деп жазады Tengrinews.kz.

Тұрғын үй комиссиясының шешімімен бағдарламаға қатысушы 200 адам анықталды, олардың барлығы "Алматы Жастары" бағдарламасының іріктеу шарттарынан ойдағыдай өтіп, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" іріктеуіне ие болды. Осыған қатысты тізім www.almaty-zhastary.kz порталында жарияланды.

"Алматы Жастары" жеңілдетілген несие беру бағдарламасы 2017 жылы басталды. Сол кезде жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген болатын. Түскен 6657 өтініштің 108-і тұрғын үй заемдарын алды. 2018 жылы "Алматы Жастары" жеңілдетілген несие бағдарламасын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінді.

"Алматы Жастары" бағдарламасының құндылығы төмен проценттік көрсеткіште, яғни жылдық 5 пайыздық несиемен 10 миллион теңгеге дейін заем беріледі. Несиені қайтару мерзімі 3-тен 25 жылға дейін әркімнің төлеу қабілетіне қарай жеке жүргізіледі.