Алматыда 1 маусымнан бастап 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

0
614

Мектептерде аттестат тапсыру, ҰБТ өткізу және мамандандырылған мектептерге қабылдау кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша бақылау тобы құрылады.


Алматыда 1 маусымнан бастап 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

ERNUR.KZ. 1 маусымнан бастап Алматыда 1-сыныпқа оқушыларды тіркеу үшін құжаттар қабылдау басталады, деп жазады zakon.kz.

15 мамырдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиялар мен лицейлерге қабылдау басталады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың білім басқармасына аттестат тапсыру, ҰБТ өткізу және мамандандырылған мектептерге қабылдау кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша бақылау тобын құруды тапсырды.

Сеніп тапсырылған учаскелердің барлық бағыттары бойынша балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Бұған мекеме басшылары тікелей жауапты болады, - деді Е.Бабақұмаров.