​Алматыда 11-ші науқас коронавирустан емделіп шықты

0
511

Алматыда Covid-19-ды жұқтырған 90 жағдайы тіркелді.


​Алматыда 11-ші науқас коронавирустан емделіп шықты

Алматыда Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта індеттен айыққандар саны 11 адамды құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді.
Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті ескере отырып, КВИ 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар.
68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық.
2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық).
Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар.
Барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылған және оқшаулауға орналастырылған.
Провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала.
Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала.
Үй карантинінде 3853 азамат бар.