Алматыда 15 жастағы жеткіншек зейнеткерді өлтіріп кеткен

0
657

Күдікті көлік тізгінінде болған.


Алматыда 15 жастағы жеткіншек зейнеткерді өлтіріп кеткен

ERNUR.KZ. Алматыда 15 жастағы жеткіншек зейнеткерді Жаңа жыл қарсаңында өлтіріп кеткен, деп жазады Тengrinews.kz.

Бұл туралы қаза тапқан зейнеткердің ұлы, әскери қызметші Роман Акмаев Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Құрметті тұрғындар, көмек керек! 30 желтоқсанда алтыншы ықшам аудандағы нөмірі үшінші үйдің маңында сағат 17:10-18:00 шамасында менің әкемді өлтіріп кетті. Өлтірген 15 жастағы жеткіншек. Қазір ол қамауда. Әуезов ауданының прокуратурасына бір ғана куәгер жеткіліксіз, оны бес күннен кейін босатып жіберуі мүмкін. Будкасы бар ақ түсті "ГАЗель" көлігінің иесінен куәлік етуін сұраймын. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісіз. Басқа куәгерлердің айтуынша, сіз жеткіншектің менің әкемді битамен ұрғанын көріпсіз. Әділ үкім шығуына қол ұшын тигізуіңізді сұраймын", - дейді қала тұрғыны.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыс туралы пікір білдірді. Күдікті одан бөлек көлік тізгінінде болған көрінеді.

"Аталған дерек бойынша Әуезов ауданындағы полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Көлік құралын жүргізу дерегі бойынша жеткіншекке жеке әкімшілік іс жүргізіліп жатыр", - дейді Полиция басқармасының өкілдері.