Алматыда 19 бен 20 жастағы бес жасөспірім коронавирус жұқтырған

0
526

Соңғы мәлімет бойынша, Алматыда қауіпті індетті жұқтырған 398 адам анықталды.


Алматыда 19 бен 20 жастағы бес жасөспірім коронавирус жұқтырған

Алматыда 16 сәуірде коронавирус жұқтырған бес адам туралы дерек шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Бес жасөспірімнің үшеуі 2000 жылы, екеуі 2001 жылы туғандар. Бұған дейін олар карантиндік стационарда оқшаулауда жатқан еді. Өйткені індет жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған.

Бүгін тағы алты науқас жазылып шықты. Олардың ішінде төрт әйел мен екі ер адам бар.

Жазылып шыққандардың ішінде төртеуі ұшып келгендер. Біреуі осындағы індет жұқтырғанмен байланыста болған. Ендігі біреуі Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері.

Жалпы Covid-19-дан 67 адам сауығып шықты. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарында Cоvid-19-дан 329 адам емделіп жатыр. Ішінде Алматы облысынан бір әйел бар.

Ем-дом қабылдап жатқан адамдардың ішінде бір науқастың жағдайы – өте ауыр, 5-уінде – ауыр, 50 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесі сақтаулы. Ал 273 адамның жай-күйі қанағаттанарлық.

Провизорлық госпитальдарда 368 азамат бар. Соның ішінде 7-і бала болса, карантиндік оқшаулауда – 426, үй карантинінде – 7288 адам жатыр.