Алматыда 2023 жылы LRT іске қосылады

0
927

LRT желісінің құрылысын 2020 жылы бастау жоспарланғаны xабарланған болатын.


Алматыда 2023 жылы LRT іске қосылады

ERNUR.KZ. Алматыда жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр, деп жазады Аlmaty.tv.

«Біз конкурстың бірінші кезеңін аяқтадық. Таяуда екінші кезеңін жариялауды жоспарлап отырмыз. 2023 жылы Төле би көшесінде LRT-ны іске қоспақпыз. Оның қашықтығы 22,7 шақырымды құрайды, 35 аялдама болады», - деді Алматы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров.

Алматыдағы конференцияда. Бұдан бұрын LRT желісінің құрылысын 2020 жылы бастау жоспарланғаны xабарланған болатын. Теxникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, жобаның инвестициялық құны: инфрақұрылым - 56 907 млн теңге (депо құрылысын қоса есептегенде), жылжымалы құрам - 36 512 млн теңге. Барлығы - 94 203 млн теңге.