Алматыда 23 жасар қыз бір топ студентті "тақырға" отырғызып кеткен

0
841

Қазіргі уақытта оның қалада 10-нан астам осындай алаяқтық іске қатысы бары анықталды.


Алматыда 23 жасар қыз бір топ студентті

ERNUR.KZ. Алматыда 23 жасар қыз өзін медициналық университеттің студенті ретінде таныстырып, бірқатар алаяқтық қылмыс жасаған, деп жазады Zakon.kz.

Алматыда өзін медициналық университеттің студенті ретінде таныстырған 23 жастағы бойжеткен білім беру саласында алаяқтықпен айналысқан.

"Білім беру саласында алаяқтық жасағаны үшін 1996 жылғы Түркістан облысының тумасы ұсталды. Ол "медуниверситеттің студентімін, грант алып бере аламын, ол арада жақсы таныстарым бар" деп мектеп бітірушілер мен басқа оқу орындарының студенттерін алдаған. Қыз құрбандарымен тікелей байланысқа шықпаған, үнемі достарын пайдаланып, байланыс орнатқан. Заңсыз қызметі үшін ол әр адамнан 250-300 мың теңгеге дейін ақша алған. Қазіргі уақытта оның қалада 10-нан астам осындай алаяқтық іске қатысы бары анықталды. Біздің бөлімнің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шегіп, оны танып жатқандар болса, мына телефонға хабарласуларын сұраймыз: 298-53-02 немесе 8-701-255-22-66, - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлішер Тұрсынбетов.