Алматыда 3 автобус соқтығысып қалды

0
556

Жол апаты салдарынан 7 адам зардап шеккен.


Алматыда 3 автобус соқтығысып қалды

ERNUR.KZ. Алматыда 3 жолаушылар автобусы соқтығысты, деп жазады baq.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, 120-бағыттағы автобус Абай көшесімен арнайы жолақта батысқа қарай кетіп бара жатқан, оның соңынан 57-бағыттағы автобус бара жатқан. Ол 120-бағыттағы автобусқа соғылып, айнасымен 98 бағыттағы автобусты сырып кеткен.Жол апаты салдарынан 57-бағыттағы автобустағы 7 адам зардап шеккен. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.