Алматыда 6 баланы өрттен аман алып қалған спортшы марапатталды

0
619

Өз өмірін қатерге тіккен Дәурен құтқарушылар келгенге дейін пәтерде қалған 6 адамды құтқарды .


Алматыда 6 баланы өрттен аман алып қалған спортшы марапатталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев белгілі кәсіби спортшы Дәурен Рымқұловқа «Еңбегі үшін» төсбелгісін тапсырды, деп жазады ҚазАқпарт.

«Еңбегі үшін» төсбелгісін тапсырдым. Кіреберісін түтін шарпыған үйден алты адамды шығаруға көмектескен кәсіби спортшының бұл әрекеті құрметке лайық. Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесіп, батылдық танытқандар белсенді азаматтық ұстанымды, қоғам алдындағы борышын көрсетеді. Алматылықтар сенімен мақтанады, Дәурен!», -деп жазды әкім.

Бұған дейін Дәурен Рымқұлов ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 14 тамыз кешкі сағат 21:33-те Алмалы ауданы Радостовец көшесі №49 үйде өрт шықты. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенде бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің ас бөлмесі ашық жалынмен жанып жатты.

Өз өмірін қатерге тіккен Дәурен құтқарушылар келгенге дейін пәтерде қалған 6 адамды құтқарды .