Алматыда алаяқтығы үшін Қарағанды облысының мұғалімі ұсталды

0
1 569

Ол өзін Қазақстан Республикасының білім министрлігінде жұмыс істейтінін айтып сендірген.


Алматыда алаяқтығы үшін Қарағанды облысының мұғалімі ұсталды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында өзін білім министрлігінің қызметкерімін деп таныстырған мұғалім алаяқтықпен айналысқан, деп жазады Stan.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Балқаш қаласындағы орта мектептің мұғалімі ұзақ уақыт бойы алматылықтарды алдап, ақша тауып келді. Ол өзін Қазақстан Республикасының білім министрлігінде жұмыс істейтінін айтып сендірген. Өңірлерде тегін грант алып беруге көмектесуге уәде берген.

"Мұғалім алаяқтық жолмен азаматтардан бір миллион теңгеден астам қаражат жинады. 1976 жылы туған М. есімді күдікті әлеуметтік желіде әлдекіммен танысып, білім грантына қол жеткізуге көмектесетінін айтады. Оның ақысына ақша сұрайды. Ол адам өз таныстарын да хабардар етеді. Ақырында бірнеше адам күдіктінің арбауына түседі. Олар телефон арқылы сөйлесіп отырған. Алаяқ әйел ақшаны алған соң ізін жасырып кете барған. Күдікті Алматы қаласында 10 алаяқтық оқиғасын жасады. Енді оның еліміздің басқа өңірлеріндегі қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілу үстінде", - деді Медеу аудандық полиция бөлімінің полиция басшысы Болат Тотыбаев.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес М. есімді күдіктіге қатысты тергеу жүргізіледі.