Алматыда алғашқы қар салдарынан 39 жол апаты болып, екі адам көз жұмды

0
530

Полиция алматылық жүргізушілерді жолда абай болуды ескертеді.


Алматыда алғашқы қар салдарынан 39 жол апаты болып, екі адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық полициясы жүргізушілерді жолда абай болуды ескертеді. Ауа-райының нашарлауы, бірінші кезекте, жалпы жол жағдайына әсер етеді, деп жазады zakon.kz.


Алматы қалалық полиция департаменті жүргізушілер қауымына көліктерін қысқа дайындап, дөңгелектерін мерзіміне сай ауыстырып, тағуға шақырады.


Ең бастысы - жол ережелерін қатаң сақтап, көлік жүргізу мәдениетінің деңгейіне сай болу. Өзара сыйластық пен тәртіп - бұл жол қауіпсіздігінің кепілі және еліміздің ірі мегаполис індегі жол апаттарды азайтудың шешуші факторларының бірі, - дейді қалалық ПД.


Кешегі кештен бері Алматыда 39 жол-көлік оқиғасы болды, оның 9-ында зардап шеккендер бар. Өкінішке орай, екі адам қайтыс болды.