Алматыда Әли Оқапов пен Диас Аблаев қатысқан тойдың видеосы тексерілуде

0
401

Тойға қатысушылар арасында әншілер және бірнеше Instagram-блогер бар.


Алматыда Әли Оқапов пен Диас Аблаев қатысқан тойдың видеосы тексерілуде

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар мен блогерлер қатысқан тойдың видеосы пайда болды. Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Видеоға қарағанда мерекелік іс-шара Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы әнші Диас Аблаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғанын аңғаруға болады. Шараға қатысушылар арасында Әли Оқапов, Индира Еділбаева және бірнеше Instagram-блогер бар.


Ресми ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматының мониторингтік тобы қазір бұл деректі зерттеп жатыр.

"Видео бақылау тобына жіберілді. Іс-шара қай жерде өткенін анықтаймыз", - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиетің тойдағы видеосы тексерілген болтын. Ұйымдастырушылар мен әртістер жазалануы мүмкін екені хабарланған.