Алматыда асығыс жүрген Toyota Camry бес көлікті қиратты

0
617

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан ешкім ауыр жарақат алмаған.


 Алматыда асығыс жүрген Toyota Camry бес көлікті қиратты

ERNUR.KZ. Жол апаты бүгін 8:30 шамасында Алматыдағы Абай мен Алтынсарин қиылысына жақын маңда болды, деп жазады zakon.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Toyota Camry-дің даңғылдағы автобус жолағымен шығыс бағытта жоғары жылдамдықта қозғалып бара жатқаны байқалады. Жүргізуші қара түсті "камриді" басып озбақ болып солға қарай кілт бұрылам деп бағдаршамда тұрған "Ипсум" мен "Си-эр-виді" байқамай қалды. Соққыдан "Ипсум" алдындағы үш машинаны іле кетті, деп түсіндіреді kolesa.kz.

Осы орайда қара түсті Camry-дің де бастапқыда қоғамдық көлікке арналған жолақпен қозғалғанын, артынша жәй жолаққа жартылай өтіп, қайта автобус жолағына шыққанын айта кеткен жөн. Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан ешкім ауыр жарақат алмады. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Мегаполис жүргізушілері арнайы жолаққа шығуын қашан қояр екен? Мүмкін камераны көбейтіп, айыппұлды арттыру керек шығар? Жол қозғалысын реттеудің тағы қандай тәсілі бар?

Айтпақшы, бүгін тәртіп сақшылары "Қауіпсіз жол" деп аталатын екі күндік тексерісті бастады.