​Алматыда ата-аналар бапкерді соққыға жығып, қабырғасын сындырған

0
1 021

Оқиғаның мән-жайын зардап шеккен Данияр Михрамовтың өзі айтып берді.


​Алматыда ата-аналар бапкерді соққыға жығып, қабырғасын сындырған

ERNUR.KZ. Жасөспірімдер арасындағы Алматы чемпионатында "Жас қыран" футбол клубының бас бапкері Данияр Михрамов ата-аналардың аяусыз соққысына ұшырады. "СДЮШОР-2" ойыншыларының жақындары қарсылас команданың жаттықтырушысын тепкілеп, оның екі қабырғасын сындырған, деп жазады NUR.KZ.

Орын алған оқиғаның мән-жайын зардап шеккен Данияр Михрамовтың өзі айтып берді.

"Несін айтасың? Олар екі жыл бойы мен жайлы жаман қауесеттер таратып, менің өз ойыншыларымның ата-аналарымен арақатынасымды бұзуға барын салып жүр. Олар мені үнемі боғауыз сөздер айтатын бапкер деп негізсіз айыптауда.

Екінші желтоқсан күні біз "СДЮШОР-2" командасымен ойын өткіздік. Кездесу барысында қарсыластардың ата-аналары менің футболышларымның жақындарын балағаттап жатты. Айта кетерлігі, біздің командаға қолдау білдіруге тек аналар мен әжелер келсе, олар тарапынан кілең ер адамдар болды.

Мен өз ойыншыларымның ата-аналарын сабырға шақырып, қарсыластарға мән бермеуін сұрадым. Сол сәтте олар маған жұдырық ала жүгірді.

Мен осымен ауруханада үшінші күн жатырмын. Мен және менің көмекшім азулы ата-аналардың соққысына қалдық. Менің екі қабырғам сынды. Бұл команда ата-аналарының қатысуымен ұқсас оқиға осымен бірнеше мәрте болып отыр. Олар тек бізге ғана емес, сондай-ақ "Қайрат" командасының жақтастарына да күш көрсеткен.

Оны ата-аналардың өздері растап отыр. Олар жағдайдан соң, маған хабарласты. Қажет болса, ойынға мас күйінде келіп, шу шығаратындарды әшкерелейтін дәлелдерді беретіндерін жеткізді. Ең сорақысы, бұл жас жеткіншектердің ойнына кері әсерін тигізіп жатыр.