Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды

0
727

Жарақат алғандардың бірі сол маңда өтіп бара жатқан адам болған.


Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды

ERNUR.KZ. Алматыда кафедегі отырыстан кейін келушілер арасында төбелес шыққан. Пышақ пен травматикалық қару қолданылған, деп жазады тengrinews.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі адам жарақат алған, олардың бірі сол маңда өтіп бара жатқан адам болған.

Бұл оқиға кеше Жұмалиев көшесінде орналасқан кафеде болған. Салдарынан 1983 жылғы ер адам аяғын жарақаттап алған.

Сондай-ақ, 1992 жылғы ер адамның да жарақат алғаны белгілі болды.

Полиция мәліметінше, күдіктілер ұсталды, олардан жауап алынып жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.