Алматыда аудан әкімі мейрамханаларды аралап, заң бұзушыларды әшкереледі (видео)

0
637

Кафе 23:00-де жабылмай, жұмысын жалғастыра берген.


Алматыда аудан әкімі мейрамханаларды аралап, заң бұзушыларды әшкереледі (видео)

ERNUR.KZ. Оңтүстік астанадағы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов мейрамханаларды өзі аралап шығып, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Ол көптеген кафелердің карантин ережелерін сақтамай, салғырттық танытып жатқанына шүйлікті. Аудан басшысы енгізілген талаптарды орындамаған мекемелерді жауып тастайтынын айтты, деп жазады kaz.nur.kz.


Мақсат Кикимов карантин ережелері қаншалықты сақталып жүргенін тексеру мақсатында түнгі уақытта бірқатар мейрамханаларды өзі аралап қайтқан. Оның барысында аудан басшысы көптеген кафелер белгіленген талаптарды орындамай жатқанына көз жеткізген.


Әкімнің жасаған рейдінің видеосы Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланды. Бейнежазбада Кикимов түн жарымда әлі жұмыс істеп тұрған мейрамханаға келіп, оның қызметкеріне бас санитар дәрігердің қаулысын оқып беріп жатқанын көруге болады.


Белгілі болғандай, аталмыш кафе 23:00-де жабылмай, жұмысын жалғастыра берген. Оның үстіне қонақтар арақашықтықты сақтамай. бетперде кимеген болып шықты.


Мақсат Кикимов мейрамхана қызметкерлеріне ескерту жасап, келесіде заңбұзушылықтар қайталанған жағдайда кафені жауып тастауға тура келетінін айтты.