Алматыда аудан әкімі самокатпен жүр

0
946

Шенеуніктердің самокат, велосипед немесе қоғамдық көлікпен қозғалуды жиілеткені жөн болар еді.


Алматыда аудан әкімі самокатпен жүр

ERNUR.KZ. Куәгерлер Алматының Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың қала көшелерінде самокатпен жүрген сәтін суретке түсіріп алды, деп жазады Zakon.kz.

Бұл суретті Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнур Кисиков желіге жүктеді, ал фотоның авторы Айгүль Тұрысбекова дейді. Суретке қарағанда, самокатшы-әкім Арбат жақта жүрген сияқты.

- Жалпы, қаланың экологиялық көлік мәдениетіне көшіп жатқаны қуантады. Қалалықтар біртіндеп жеке көлікті тастап, жаяу жүруді таңдай бастады. Шенеуніктердің самокат, велосипед немесе қоғамдық көлікпен қозғалуды жиілеткені жөн болар еді. Бұл экология ғана емес, экономия. Өзім де көптен бері самоткатқа мінгім келіп жүр, ауыр жүк көтеретін самокаттар бар ма екен? – деп жазды Бекнур Кисиков.