Алматыда автобус өртеніп, таң атпай ірі кептеліс болды

0
936

Өртенген – Yutong маркалы қытайлық автобус.


Алматыда автобус өртеніп, таң атпай ірі кептеліс болды

ERNUR.KZ. Бүгін, 24 қазанда әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында жолаушылар автобусы өртенді, деп жазады Zakon.kz.

ТЖД хабарлауынша, қоңырау сағат 06:45-те түскен. Бөлімшелер оқиға орнына сағат 06:53-те жетті.

Өртенген – Yutong маркалы қытайлық автобус. Өрт сағат 06:59-да ауыздықталып, 07:04-те сөндірілді. Өртті сөндіруге 11 адам мен екі техника жұмылдырылды.

Автобус ішінде жолаушылар болған жоқ, зардап шеккендер де жоқ.