Алматыда автобус өртке оранды (видео)

0
749

Алдын ала мәлімет бойынша, маршруттық автобус өртенген.


Алматыда автобус өртке оранды (видео)

фото кадрдан

Алматыда Назарбаев даңғылында қоғамдық көлік отқа оранды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Медеу ауданында автобустың өртенгенін растады.

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, қоғамдық көлік Назарбаев даңғылы мен әл-Фараби көшесінің қиылысында өртенген.

Отқа оранған автобустың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.