Алматыда баланы жұлқылаған тәрбиешіге сот үкімі шықты

0
830

Тәрбиеші төсекте жатқан баланы ұрған.


Алматыда баланы жұлқылаған тәрбиешіге сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алматыда балабақшада баланы жұлқылаған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен № 96 бөбекжай-балабақша тәрбиешісінің көмекшісі Ирина Шадских, ҚР ҚК 140-бабының, 2-бөлімі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот оған 63125 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан 1 жылға айырды.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңында әлеуметтік желіде, төсекте жатқан баланы тәрбиеші ұрып жатқан видео пайда болды. Хабарламаның авторы сонымен бірге баланың суретін жариялап, үйге жиі көгеріп келетінін айтқан болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.