​Алматыда «Барыс» xоккей клубының ойындары өтеді - ресми мәлімдеме

0
931

25 сәуірде Астанадағы «Барыс-Аренада» А тобына кіретін ерлер командалары арасындағы I дивизион бойынша Әлем чемпионаты өтеді.


​Алматыда «Барыс» xоккей клубының ойындары өтеді - ресми мәлімдеме

ERNUR.KZ. «Барыс» xоккей клубының басшылығы биыл бірнеше ойынды Алматы қаласында өткізетінін мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Клуб президенті Борис Иванищевтің айтуынша, биыл қыркүйек айында «Барыс-Аренада» бірқатар мәдени шаралар өтеді. Сол себепті осы айда клуб ойындарын Алматыда өткізу туралы шешім қабылданды.

«Құрлықтық xоккей лигасының күнтізбесі әлі шыққан жоқ. Дегенмен, біз «Барыстың» үйдегі матчтарын шамамен қыркүйекте Алматыда өткізуді жоспарлап отырмыз. Өкінішке қарай, лиганың күнтізбесі әлі дайын емес. Сол себепті нақты күндерін айта алмаймыз. Бірақ Құрлықтық xоккей лигасының биылғы матчтары Алматыда өтеді. Оны анық айта аламыз. Бұл - нақты ақпарат», - деді Б.Иванищев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте клуб басшылығы алдағы Әлем чемпионатына дайындық жұмыстары туралы айтып берді. 25 сәуірде Астанадағы «Барыс-Аренада» А тобына кіретін ерлер командалары арасындағы I дивизион бойынша Әлем чемпионаты өтеді.

Қазақстан құрамасы аталған бәсекеге дайындық шараларын бастады. Ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Скабелканың айтуынша, команданың кеңейтілген тізімінде Талғат Жайлауов та бар. Ал Қазақстан азаматтығын алған канадалық Найджел Доус чемпионатқа қатысудан бас тартты.