Алматыда Bek Air ұшағының не себепті құлағаны белгілі болды

0
723

Bek Air ұшағының апатына қатысты комиссия мәлімдеме жасады.


Алматыда Bek Air ұшағының не себепті құлағаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматыда құлаған Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ұшақ ұшуға толық көлемде техникалық қызмет көрсетуге дайындалды. Комиссия кемені ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңдеу жөніндегі жұмыстар ішінара орындалғанын атап өтеді. Кеме командирінің шешімі бойынша тек тұрақтандырғышты өңдеу туралы шешім қабылданды, ұшақтың 1 қанатын ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген", - деді премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол арнайы комиссияның ұшақтың жанасу орындарын, кеменің жағдайын анықтап, экипаждың дайындығын тексеріп, метеожағдайға талдау жасағанын айтты.

"Экипаж және техникалық жағдай тарапынан ескертулер табылған жоқ", - деді Скляр.


Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы баспасөз-конференциясына премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко қатысып жатыр. Мұның алдында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атаған болатын.

"Қазіргі уақытта ІІМ Алматыда болған әуе апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апаттың үш себебі қарастырылып жатыр. Біріншісі - экипаж қатесі, екінші - борттың техникалық ақауы, үшінші - навигация қызметінің жұмысы", - деген еді ІІМ басшысы.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастаған еді. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған болатын. Кейінірек Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан еді.