Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаев бейнеленген муралды бүлдірді

0
830

Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысының суреті төрт жыл бұрын №3 шағынаудандағы ғимаратқа салынған.


Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаев бейнеленген муралды бүлдірді

ERNUR.KZ. Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаев бейнеленген муралды бүлдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысының суреті төрт жыл бұрын №3 шағынаудандағы ғимаратқа салынған. Алайда жақында адамдар біреу Қонаевтың портретіне мұрт салып кеткенін байқаған. Қоғам қайраткерінің бейнесін кім арамдағаны әлі белгісіз.




Еске салайық, 2017 жылдың күзінде № 122 мектептің маңында үлкен мурал салынған болатын. Онда мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев бейнеленген. Көркем элементтің биіктігі екі метр. Граффитиді Tigrohaud crew бірлестігінің көше суретшілері бір күнде салған.