Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды

0
467

Екеуі уақытын компьютерлік клубтарда ойнаумен өткізген.


Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды

ERNUR.KZ. Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы полициясы 7 ақпан жоғалып кеткен екі оқушының қайда екенін анықтап, ата-анасына тапсыру үшін полиция бөлімшесіне алып келді.

"Қазір криминалдық полиция бөлімшесі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған екі жасөспірімді тапты. Қазір олар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылады. Олардың мекен-жайы анықталды. Екеуі уақытын компьютерлік клубтарда ойнаумен өткізген", - дейді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Қанапяев.