Алматыда бірнеше адамды көлікпен әдейілеп қаққан видео тарады

0
3 255

Видеодағы көлік нөмірінде Алматы өңірінің 02 жазуы бары анық байқалады.


Алматыда бірнеше адамды көлікпен әдейілеп қаққан видео тарады

ERNUR.KZ. Желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Видеода бір топ жігіттердің екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасқанын көруге болады. Ақ түсті автокөліктің жүргізушісі ерегескендердің біреуін қағып кете жаздайды. Ал қара түсті көліктің жүргізушісі қасақана үш адамды қағады. Сондай-ақ, жігіттердің бірі қолына автокөлік нөмірін ұстаған. Онда Алматы өңірінің 02 жазу бары анық байқалады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Алматыда таңғы төрт шамасында болған.

"Осы оқиғаның куәгері болдым. Гагарин мен Дружба қиылысында, бүгін тағы төртте төбелес болды. Төбелескендердің бірі қарсыластарын көлікпен қағуды ұйғарды", - деп жазды куәгерлер.

Толық ақпарат кейінірек жарияланады.