​Алматыда бірнеше әуе рейсі кейінге шегерілді

0
1 083

Алматы халықаралық әуежайының анықтама қызметі – 8 (727) 270-33-33


​Алматыда бірнеше әуе рейсі кейінге шегерілді

ERNUR.KZ. Алматы әуежайында тұманға байланысты алты рейс кейінге шегеріліп, үш рейстің әуе кемесі ұшпайтын болды, деп жазады Baq.kz.

«Алматы халықаралық әуежайының ауданында қалың тұман түсуіне және алаңды көру қиындауына байланысты рейстердің кестесіне өзгеріс енгізілуі заңды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Келесі рейстер кейінге шегерілген:

  • 725 Алматы – Өскемен Scat ә/к – 12.00-ге
  • 729 Алматы – Қостанай Scat ә/к – 12.30-ға
  • 3121 Алматы – Семей «Южное небо» ә/к – 10.30-ға
  • 851 Алматы – Астана Air Astana ә/к – 9.30-ға
  • 215 Алматы – Душанбе «Сомон Эйр» ә/к – 14.00-ге
  • 895 Алматы – Дубай Air Astana ә/к – 11.05-ке
  • 736 Алматы – Дубай flydubai ә/к – рейс болмайды
  • 971 Алматы – Шымкент Air Astana ә/к Шымкенттегі метеожағдайға байланысты рейс болмайды
  • 107 Алматы – Бішкек Air Astana ә/к Бішкектегі метеожағдайға байланысты рейс болмайды.

Әуежай мамандары рейс уақытын әуежай немесе әуе компанияларының анықтама қызметіне хабарласып, анықтауды өтінді.

Алматы халықаралық әуежайының анықтама қызметі – 8 (727) 270-33-33