Алматыда бірнеше тұрғын үй қоршауға алынды (фото)

0
838

Қоршалған үйлер жанында полиция қызметкерлері мен әскерилер тұр.


Алматыда бірнеше тұрғын үй қоршауға алынды (фото)

ERNUR.KZ. Алматы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты бірнеше тұрғын үй қоршауға алынды, деп жазады zakon.kz.

Гоголь көшесінде орналасқан тұрғын үйді полиция мен әскерилер қоршап алған.

Сондай-ақ Достық даңғылында орналасқан Almaty Towers тұрғын үй кешені де қоршалды.

Жароков-Қабанбай батыр көшесіндегі тұрғын үй де оқшауланған.


20 наурыздағы жағдай бойынша, республикамызда коронавирус инфекциясының 49 жағдайы расталды, оның ішінде Алматыда - 22, Нұр-Сұлтанда - 25, Қарағандыда - екі жағдай.